Саясатты жасау

Сіз саясаттар жасай аласыз; қолданыстағы саясаттарды өзгертуге немесе жоюға да болады.

Саясат жасау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Саясат және профильдер бөліміне өтіңіз.
  2. Қосу түймесін басыңыз.

    Бағдарламаны таңдаңыз терезесі ашылады.

  3. Саясат жасауды қажет ететін бағдарламаны таңдаңыз.
  4. Келесі түймесін басыңыз.

    Жалпы қойыншасында жаңа саясат параметрлері терезесі ашылады.

  5. Қаласаңыз, әдепкі бойынша белгіленген келесі саясат параметрерін өзгерте аласыз: атауы, күйі және иелену.
  6. Бағдарлама параметрлері қойыншасын таңдаңыз.

    Не болмаса, шығу үшін Сақтау түймесін басыңыз. Саясат саясаттар тізіміне пайда болып, сіз оның сипаттарын кейінірек өзгерте аласыз.

  7. Бағдарлама параметрлері қойыншасының сол жағында, сізге қажетті бөлімді таңдап, нәтижелер тақтасында саясат параметрлерін өзгертіңіз. Сіз әрбір бөлімдегі саясат параметрлерін өзгерте аласыз.

    Параметрлер жиынтығы, сіз саясат жасап жатқан бағдарламаға байланысты. Толығырақ ақпарат келесі дереккөздерде келтірілген:

    Басқа қауіпсіздік бағдарламаларының параметрлері туралы толығырақ білу үшін тиісті бағдарламаның құжаттамасын қараңыз.

    Өзгерістерді болдырмау үшін Бас тарту түймесін басуға болады.

  8. Саясат өзгерістерін сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.

Нәтижесінде, қосылған саясат саясаттар тізімінде көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын Kaspersky Security Center Web Console көмегімен орналастыру

Саясаттарды конфигурациялау және тарату: құрылғыларға бағытталған тәсілдеме

Сценарий: желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу